Жемқорлық - ел дамуына кедергі келтіріп, қоғамның мемлекеттік жүйеге деген сеніміне сызат түсіретін өзекті мәселе. Онымен күрес тек заң талаптарын күшейтумен шектелмей, әр азаматтың жауапкершілігі мен адал ұстанымынан басталуы тиіс. Ал тұрғындар бұл бағытта қандай өзгерістерді қалайды? Жемқорлықты түбегейлі жою үшін билік пен қоғам қандай қадамдарға баруы керек?
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Негізі жемқорлықты жою керек. +Егер мемлекет басшысы қолға алса, жүзеге асады деп біз сенуіміз керек және сенемін
- Жемқорлық болмаса, мемлекет дамитын еді, мен ойлаймын екі есе дамып кетер еді. Жемқорлықпен күресу керек, күрескенде таза күресу керек. + халық болып күресу керек оған. Өзімізден бастауымыз керек жемқорлықты. Ауызбен айтпай тірлікпен істеуіміз керек. Мен Президенттің саясатын қолдаймын.
- Мемлекет басшысы ұсынған жолдарды ұстансақ например, результат болады. Өйткені жемқорлық болмаған жерде береке болады
- Жемқорлықты жою үшін мектептен, коледжден бастау керек деп ойлаймын универден. Мысалы балалар каз сабағын жабу үшін ақша береді. Өздерінің сабағын өздері біліммен жапса сол кезде барып жойылады деп ойлаймын жемқорлық.