Павлодардың Успен ауданында шенділер салынбаған жолға ақы төлеген. Бұндай заңсыздықты облыстық прокуратура анықтады. Тексеру барысында Успен ауылдық округі әкімінің аппараты мердігерге 45 млн. теңге аударған. Алайда, ауыл ішілік жолдардың ешқайсына асфальт төселмеген. Аталған заңсыздыққа байланысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды.
ЕРЛАН ТӨЛЕКОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Әкімдік пен мердігер мекеме қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық процесстік кодекс 201 бабына сәйкес тергеу туралы басқа ақпарат жарияланбайды.