$443.96 €487.73 ₽5.38

Қонаев қаласында мектепте жарақат алған оқушы ауруханада көз жұмды

AstanaTV
18.11.2026ж. 19:00
Қонаев қаласында мектепте жарақат алған оқушы ауруханада көз жұмды

Алматы облысындағы мектепте үшінші қабаттан құлап кеткен оқушы  көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала үшінші қабаттағы баспалдақтың сүйенішіне сырғанап мінген. Алайда тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабаттың алаңына құлаған. Салдарынан басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін операция жасағанымен, оқушы көз жұмды. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.