$443.96 €487.73 ₽5.38

Көмір бағасы тағы өсті, тұрғындар наразы

AstanaTV
18.11.2026ж. 19:00
Көмір бағасы тағы өсті, тұрғындар наразы

Күн суытып қысқы отынның қамы күшейді. Әсіресе көмір жағып, үйін жылытатын тұрғындар үшін оның бағасы маңызды. Алайда биыл қара отын тағы қымбаттап, тұрғындар қалтаға салмақ түсірді дейді. Ал сатушылар мұны жеткізушілердің бастапқы бағаны көтеруімен түсіндіреді. Мәселенің мән-жайын Айгерім Есенкелді анықтап көрді. 

Көмір жыл сайын қымбаттайды. Биыл баға тағы өсіп, қысқы шығынды көбейтіп отыр дейді тұрғындар. 

КҮЛЖАХАН БАЙЫМБЕТОВА,  ТҰРҒЫН:

Бұл реті әлі алғаным жоқ. Ауыр тиеді. Мен пенсионер адаммын. Мен қайтіп көмір алады екем.

ШҰҒА БАЛМҰРАТОВА, ТҰРҒЫН:

Көршілеріміз бар мысалы 10 шақты жыл болды көмір жағып отқанына. Қазір енді көмірдің бағасын білесің ғой шарықтап, кішкене қымбаттап кетті, қолжетімсіз болып тұрғаны. Жарты тонна алады ақшасы жоқтар.

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:

Көмір қоры жеткілікті, бірақ қазір сатып алушы сирек. Тұрғындар баға қымбат дейді. Сатушылар да қатты отын құнының жылдан жылға өсіп жатқанын жасырмайды. Кейде тіпті оны ұзақ күтеді, ал кейде өте аз келетін көрінеді.

КӨМІР ТҰЙЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

1000 тг қосты. Теміржол қосады. Ана жақ көтерген соң, көтереді ғой 1000 теңгеге. +Ажиотаж қыркүйектің аяғы, 1 ай болды қазір, адам ондай көп ала бермейді. +20 күндей болмады ғой көмір. Келеді 10 вагон 5 вагон ол ешкімге жетпейді.

Қазір өңірде қатты отынның 1 тоннасы 24 000-27 000 теңге аралығында. Биыл қыста халық 666 мың тонна көмір жағады деп жоспарланған. Қазір қоймада 379 мың тонна отын тұр. Қалғаны жылу маусымы аяқталғанша кезең-кезеңімен тасымалданбақ. Ал баға мен жеткізуге қатысты тұрғындар түбіртекке дейін көрсетіп шағым түсірсе, жауаптылар оларды аудан және қала әкімдіктерімен, жеткізушілермен бірлесіп қарайтынын мәлімдеді.