Шектеу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлау қаупінің алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты енгізіледі, деп Astana TV тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған учаскеде тау жыныстарының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлауы тіркелген. Бұл көлік жүргізушілері мен тұрғындарға, сондай-ақ жақын маңдағы инженерлік желілерге қауіп төндіреді.
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін мамандар қауіпті тастарды бақыланатын тәсілмен төмен түсіріп, аумақтан шығарады. Сонымен қатар тау беткейін нығайту жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс кезінде тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне келетін қолайсыздықты барынша азайтуға баса назар аударылады. Мүмкіндігінше, демалыс күндері жол қозғалысына қосымша салмақ түсірмейтіндей етіп жұмыс кестесі жоспарланады. Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жол уақытша жабылады.
Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша шектеуге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.