Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.
Тұман: Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай, Павлодар қалаларында және облыстардың жекелеген аудандарында күтіледі.
Жауын-шашын және көктайғақ: Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда болжанады.
Қатты жел: Шымкент қаласында, Таразда, Ақтауда, Абай, Жетісу және басқа да өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23–28 м/с болуы мүмкін.