$455 €498.77 ₽5.56

Индонезиядағы кондитерлік фабрикада өрт шығып, үш адам қаза тапты

22.11.2026ж. 15:19
Индонезиядағы кондитерлік фабрикада өрт шығып, үш адам қаза тапты
Фото: bbc.co.uk

Индонезиядағы кондитерлік фабрикада өрт шығып, үш адам қаза тапты, тағы 36 қызметкер із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға Чиканде өнеркәсіптік аймағында орналасқан PT Fonusa Agung Mulia фабрикасында болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының ақпаратынша, құтқарушылар өрт орнынан 19 адамды аман алып шықты.

Қазіргі уақытта жоғалған 36 жұмысшыны іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.