Оқиға 20 қараша күні кешкі уақытта болған. Қызылорда қаласындағы Құлагер шағынауданында 1984 жылы туған ер адам ойын-сауық орнынан мас күйде шығып, екі қызға тиісіп, мазасын алған, деп Astana TV тілшісі Криминальный Казахстан телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы кезде қыздарға араша түскен Нұралла есімді жас жігітке жанжал барысында әлгі ер адам пышақ сұғып алған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен жігіт ауруханада жатыр. Оның есін жиғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Шұғыла шағынауданының тұрғындарының айтуынша, күдікті бұған дейін де көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, түрлі жанжал шығарған.
Оқиғаға қатысты полицияның ресми түсініктемесі күтілуде.