$455 €498.77 ₽5.56

Алматыда жасөспірімдер жол ережесін өрескел бұзды

AstanaTV
23.11.2026ж. 19:00
Алматыда жасөспірімдер жол ережесін өрескел бұзды

Алматыда самокат пен мопед мінген жасөспірімдер жол қозғалысына қауіп төндірді. Олардың әрекеттері бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тараған.  Полицияның мәліметінше, оқиға Абай даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында болған. Жасөспірімдер самокат, мопед және электр велосипедтерімен көлік жүретін жолға шыққан. Құқық қорғау қызметкерлері оларды тоқтатуға әрекет жасағанымен, жасөспірімдер жан-жаққа тарап кеткен. Қалалық полиция департаменті жолдың жүріс бөлігі ойын-сауық пен жарыс өткізетін орын емес екенін ескертеді. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК,  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері барлығын анықтап, олардың заңды өкілдерін бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.