Құрылтай Төрағасы Астанаға жұмыс сапарымен келген Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Парламентаралық одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мемлекеттердің цифрлық дамуындағы парламенттердің рөлін талқылады. Айбек Дәдебай Милтон Дикті жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап, Парламентаралық одақ басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс сапарын Қазақстанға жасағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ел Президенті бастамасымен жүзеге асқан ауқымды саяси реформалар – жаңа Конституцияның қабылдануы, бір палаталы Құрылтайға көшу және Вице-Президент пен Халық кеңесі жаңа институттарының енгізілуі туралы айтып берді.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Цифрлық технологияларды дамыту Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі және «Жасанды интеллект туралы» Заң әзірленіп, күшіне енді, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» стратегиясы қабылданды.