$455 €498.77 ₽5.56

Таразда дизайнерлердің халықаралық көрмесі өтті

AstanaTV
23.11.2026ж. 19:00
Таразда дизайнерлердің халықаралық көрмесі өтті

Таразда дизайнерлердің халықаралық көрмесі өтті. Көне қалада бес елдің ең үздік деген 18 дизайнері авторлық топтамаларын көпшілік назарына ұсынды. Іс-шара барысында сәнгерлер форумы мен конференциясы өтіп, өңірдің қолонершілері өз туындыларымен көне базар кейіпінде көрме ұйымдастырды.  

«Аспара фейшон дей» сән көрмесі биыл тоғызыншы жыл қатарынан, дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолғы халықаралық көрмеде Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан дизайнерлері бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Қол өнер шеберлері шеберлік сағаттарын өткізіп, өз туындыларын көрмеде саудаға да шығарды. Келушілерге ұлттық нақыштағы қолөнердің қыр-сыры таныстырылды.

РАУШАН ИМАНӘЛІ, «ҚОЛӨНЕР-ТАРАЗ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз басымдылықты сол жүнге қойғанбыз. Біз осы жылдың ішінде 20-ға жуық шеберлік сағаттарын өткіздік.  Мен үйренем деген кісілердің бәріне есігіміз ашық.  Тегін өткіземіз. Тек қана келушінің үйренем деген талпынысы болу керек.

Көрменің арты халықаралық форуммен жалғасты. Онда жергілікті атқарушы органдар мен туризм және мәдениет саласының өкілдері, тарихшылар, дизайнерлер өз ара пәкір алмасты. Киіз басу, тоқыма, зергерлік өнер, дәстүрлерлі қолөнеріміздің қаймағын сақтап, оны келер ұрпаққа үйрету, насихаттау турасында сөз болды. Ал дизанерлер ұлттық нақыштағы ою-өрнегімізді киім үлгілеріне енгізгіп түрлендіріп жатыр.   

 АЙДАРХАН ҚАЛИЕВ, ДИЗАЙНЕР:

 Біз ұлттық киімдерді заман талабына сай жаңғыртып, заманауи үлгіде тігеміз. Біздің мақсатымыз – ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де киюге болатыннан көрсету. Сол ұлттық мәдениетті қалыптастыра отырып, дәстүрлі нақыштарды сақтай отырып, киім үлгілерін бүгінгі талғамға сай бейімдейміз.

Ұйымдастырушылар мұндай халықаралық шаралар өңірдің туристік бағыт дамытуға, тараз тирхын танытуға, таптырмас құрал екенін айтады.

СЕРІК СӘЛЕМОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл шарамыздың негізгі мақсаты ұлттық код дейді ғой, ұлттық құндылығымызды біздің мәдениетімізді дәріптеу. Елге паш ету. 

«Мұра коды» атты сән көрсетілімге 5 елден келген 18 дизайнер заманауи ұлттық киім үлгілерін ала келіпті. Авторлық топтамаларын кешке келген қонақтар мен тұрғындар тамашалады. Халықаралық шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.