Елде
баспана саудасы бір жыл ішінде 5 пайызға бәсеңдеді. Әсіресе жеке үйлерге
сұраныс төмендеген. Energyprom.kz зерттеулерінде осындай мәлімет келтірілген. Қазақстандықтар
жеке үйге ақша салуға асығар емес. Сондықтан сауда-саттық бір жылда 15 пайызға
кеміген. Наурыз айында 16 800 сауда-саттық келісімі жасалған. Бұл былтырғы
көрсеткіштен 4,6 пайызға төмен. Үй сатып алу келісімінің 16 пайызы Астанада, 13
пайызы Алматыда жасалған. Қарағанды облысында 2 мыңдай сауда-саттық тіркелген.
Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығы
"7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын күтіп отырғанын болжайды.
Ипотекалық несие жылдың ортасына қарай дайын болмақ. Ол қазақстандықтардың 20
пайыздық алғашқы жарна құйып, 7 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін несие
алуына мүмкіндік береді.