Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Басқұдық ауылының тұрғындары толық газдандыруды талап етіп отыр.

AstanaTV
17.04.2018ж. 20:00
4658
Басқұдық ауылының тұрғындары толық газдандыруды талап етіп отыр.

Маңғыстау облысы Басқұдық ауылындағы  жаңа салынған үйлерге қоныстанған  тұрғындар газдандыруды талап етеді. Қазір 500-ге жуық отбасы үйлерін бес жыл бойы көмір мен  электр жылытқышымен  жылытып келеді. 10 мың тұрғыны бар ауылда көгілдір отын пайдаланып отырғандар да бар. Жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырудан шаршаған тұрғындар  облыстық әкімшілікке баруға шешім қабылдаған. Толығырақ тілші материалында. 

Көктемнің келгені әсіресе Басқұдық ауылының тұрғындарын қуантты. Себебі, енді тәулік бойы жылытқыш қосып, шелек-шелек көмір тасып жағудың қажеті жоқ. Бірақ, сонда да  ауылдың 500-ге жуық үйі көптен күткен газдың қосылуын күтіп отыр.

Жаңыл Төлегенова, Басқұдық ауылының тұрғыны:

Бізде газ жоқ. Бізге газы жылда жылда береміз деп міне, газсыз отырмыз. Немерелеріміз қайта-қайта ауырып. От жоқ керек десең, отынымыз да жоқ жағатын.

Махмұд Берликов, Басқұдық ауылының тұрғыны:

Балалардың бәрі тонып, больницадан больница. От  жағып отырмыз. Газ енді қашан береді деп осы кезге дейін отырмыз. Уәде береді, уәде береді. Білмеймін.

Ауыл тұрғындары бұл мәселені 5 жылдан бері көтеріп келеді. Алайда билік өкілдері ауысқан сайын әртүрлі жауап келеді. Бұл құжаттарда газдандыру мерзімі әртүрлі жазылған. Былтыр аудан әкімі газ жүйесін жазда орнатамыз деп жұрттың үміт отын жаққан. Ал облыс шенеуніктері мүлдем басқа мерзімді айтып отыр

Сапар Аманбеков, Маңғыстау облысы ТКШ және энергетика  басқармасының басшысы:

Республикалық бюджетке өтінішті қарастыруға жібердік. Жергілікті бюджетке де қосымша ұсындық. Онда да қаралып жатыр. Сәуір айының соңында болады деп отырмыз. Қарастырғаннан кейін, бірден бір жыл ішінде жұмыстарды  толық аяқтаймыз деп айта алмаймын,  газдандандыру жұмысын кезең-кезеңімен жүргізетін боламыз. Биыл 100-150 млн теңге бөлінеді десек, жұмыс басталады. Ал аяқталған жұмысты соңына дейін бітіреміз.

Шенеуніктің сөзінше, газдандыру құрылысына 600 млн теңге қажет. Айта кетейік, бұл тек Басқұдық ауылындағы мәселе ғана емес. Бейнеудегі жаңа үйлерге де газ тартылмаған.

Диана САПАРҚЫЗЫ