Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жеке үйлер саудасы бәсеңдеді

AstanaTV
17.04.2018ж. 20:00
2393
Жеке үйлер саудасы бәсеңдеді

Елде баспана саудасы бір жыл ішінде 5 пайызға бәсеңдеді. Әсіресе жеке үйлерге сұраныс төмендеген. Energyprom.kz зерттеулерінде осындай мәлімет келтірілген. Қазақстандықтар жеке үйге ақша салуға асығар емес. Сондықтан сауда-саттық бір жылда 15 пайызға кеміген. Наурыз айында 16 800 сауда-саттық келісімі жасалған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,6 пайызға төмен. Үй сатып алу келісімінің 16 пайызы Астанада, 13 пайызы Алматыда жасалған. Қарағанды облысында 2 мыңдай сауда-саттық тіркелген.

Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығы "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын күтіп отырғанын болжайды. Ипотекалық несие жылдың ортасына қарай дайын болмақ. Ол қазақстандықтардың 20 пайыздық алғашқы жарна құйып, 7 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін несие алуына мүмкіндік береді.