Тұрғындар үшін шипажайларда емделуді қолжетімді ету ұсынылды. Мұндай бастаманы «Әділет» партиясы көтеріп отыр. Қазір сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында шипажай-курорт саласына арналған жеке заң әзірлену мәселесі талқыланып жатыр. Елде мыңнан астам минералды бұлақ бар. Оның шамамен 600-інің емдік қасиеті ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Дегенмен, шипажайлардың инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық жабдықтарды жаңарту ісі әлі де өзекті. Заңнамаға енгізілетін өзгерістерді зерделеу үшін Құрылтайдағы төрт комитеттің депутаттары талқылау жүргізді.
ШОЛПАН КАРИНОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Адами капитал, әлеуметтік даму, жастар саясаты бойынша жобалар офистік кеңестің аясында біз бүгін арнайы мамандар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен, Құрылтай депутаттарының қатысуымен отырыс өткіздік. Бүгінгі күні осы санаториялық емдеу мекемелерінің кей мәселелері салалық заңнамаларда қарастырылғанымен де көп жағдайда шешілмеген мәселелері бар екені анықталды. Осыған қатысты «Әділет» партиясының бағдарламасында көзделген мақсаттардың аясында Құрылтай депутаттарының тарапынан заңға өзгерістер енгізу, заң қабылдау мәселелерге қатысты жұмыстар басталатын болады.