$458.57 €501.54 ₽5.57

Алматыда үй өртеніп, бес адам қаза тапты, арасында бала бар

26.11.2026ж. 09:00
Алматыда үй өртеніп, бес адам қаза тапты, арасында бала бар
threads.com/@u.tazhibay

Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болды, деп хабарлайды AstanaTV.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 03:44-те түскен.Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Бұл кезде тұрғын үй толығымен отқа оранған.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35-ке жуық маман мен 9 техника жұмылдырылған.

Өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.