$458.57 €501.54 ₽5.57

Елде психикалық ауытқуға бар бала саны 38% өсті

26.11.2026ж. 19:00
Елде психикалық ауытқуға бар бала саны 38% өсті

Елде психикалық ауытқуы бар бала саны артып барады. Бір жылдың ішінде ақыл-есінің кемдігіне байланысты мүгедектік алғандар 38 процентке өскен. Қазір 6 мыңға жуық бала есепте тұр. Жүйкесі жұқарған жеткіншек неге көбейді? Мемлекет дамуында ауытқуы бар балалармен қандай жүргізіп жатыр? Аружан Задабектің материалы. 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Балалар денсаулығына қатысты статистикада елді алаңдатып қойды. Өзге ауруларды былай қойғанда, жүйкесі жұқарған жеткіншектер тағдыры тәлкекте тұр. Соңғы жылдары психикасының бұзылуына байланысты мүгедектік алғандар саны күрт өскен. Әсіресе, бір жылдың ішінде өзгеріс көп. Бірден 38 процентке көбейіпті. Былтыр тоғыз айда мұндай мәртебені 3819 бала алса, биыл олардың саны 5290-ға жетті.

АРУ КЕҢЕСБЕК, НЕВРОЛОГ:

Тұқымқуалаушылық, генетикалық, әйелдің жүктілік кезінде асқынулар, туу процестіндегі өзгерістер және баланың даму кезіндегі жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Екінші, психикалық факторлар. Көбіне отбасындағы тұрақсыздық қарым-қатынастары. 

 
Бала дамуындағы ерекшелікті байқау маңызды. Алайда кей ата-ана мұндай өзгерісті өздігінен бағамдамай, «өзі сөйлеп кетеді», «өскен соң түзеледі» деп маманға қаралуды кейінге қалдырады. Ал кейбірі диагнозын қабылдамай, қарсылық танытады. 

ҰЛМЕКЕН СӘНДІБЕКҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Зорлық-зомбылықтар, ұрыс-керіс, жанжалдар, немқұрайлылық та әсер етеді. Көбіне ата-анасының төбелескенін көру арқылы балада кернеу сезімдері, мазасыздық, ашу, ыза, тұйықталып қалады. Оны біз әрі қарай басынан байқамай соны жалғастыра берсек ұзақ уақытты созылмалы стресске айналып, психикалық бұзылыстарға алып келуі мүмкін. 

Психикасы бұзылған балалардың көбеюіне бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Біріншісі – аутизмнің белең алуы болса, екіншісі – диагностиканың жақсаруы. Соңғы үш жылда аутизм салдарынан мүгедек деп танылған бүлдіршін саны 7,6 мыңнан 13,9 мыңға дейін өсті. Жыл сайынғы өсім – 35%. Диагноз қою – мәселенің бір бөлігі ғана. Одан кейін баланы оңалту, арнайы педагог, логопед, психолог көмегіне қол жеткізу мәселесі туындайды. Бірақ мұндай қызмет барлық өңірде бірдей қолжетімді емес. Әсіресе ауылдық жерлерде маман тапшылығы сезіледі. Ал ақылы қызметке кез келген отбасының қалтасы көтере бермейді.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

Туа біткен аномалиялардың үлесі 22,3 пайыздан 17,4 пайызға, жүйке жүйесі ауруларының үлесі 17,2 пайыздан 14,5 пайызға төмендеген. Ал психикалық бұзылыстардың үлесі 32,9 пайыздан 42,6 пайызға дейін, яғни 9,7 пайыздық тармаққа артқан.

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Балалар арасындағы мүгедектік көрсеткішінің өсуі – тек медицинаға қатысты мәселе емес. Бұл – денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің ортақ жауапкершілігі. Диагноздың ерте қойылуы маңызды. Бірақ одан да маңыздысы – жеткіншектің қажетті көмекті дер кезінде алуы. Өйткені статистикадағы әр санның артында қолдауға мұқтаж бір бала және оның болашағына алаңдаған бүтін бір отбасы тұр.