Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шетелге қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығу әрекеттерінің жолын кесті. 2026 жылдың 16-25 қарашасы аралығында өткізу пункттерінде жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны тасымалдаудың 59 дерегі анықталды. Бұл туралы AstanaTV ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада Қазақстан азаматының жүгінен 4 млн 441 мың 500 рубль табылған. Оның теңгедегі баламасы шамамен 23 млн теңгені құрайды.
Ал 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азаматтың 200 мың АҚШ долларын жасырын алып өтпек болғаны анықталды. Бұл шамамен 91 млн теңгеге тең.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданды.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес, республика аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын еске салады.