$458.85 €503.5 ₽5.59

Республикалық жолдар тайғақ болуы мүмкін

Республикалық жолдар тайғақ болуы мүмкін
Фото: ҚР Көлік министрлігі

27 қарашада еліміздің бірқатар облысында қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Салдарынан республикалық маңызы бар жолдарда көріну қашықтығы төмендеуі ықтимал

Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Осыған орай жүргізушілерге жолда қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты ауа райы мен жол жағдайына қарай таңдауға кеңес беріледі. Сондай-ақ күрт маневр жасаудан сақ болу қажет.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.