$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өңірлік партиялық құрылымдар арасындағы әріптестікті одан әрі нығайта түспек

AstanaTV
24.04.2018ж. 20:00
2249
«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өңірлік партиялық құрылымдар арасындағы әріптестікті одан әрі нығайта түспек

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өңірлік партиялық құрылымдар арасындағы әріптестікті одан әрі нығайта түспек. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен көрші елдің партиялық делегациясын бастап келген «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі Хатшысының орынбасары Сергей Железняктың кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас тең құқықтық, тәуелсіздікке құрмет, аумақтық тұтастық және ұлттық мүдде негізінде дамып жатқандығына назар аударды. Осы қағидалар екі елдің партияаралық әріптестігінің берік негізіне айналғандығы да айтылды. Мәулен Әшімбаев делегаттарды Президенттің жаңа әлеуметтік бастамаларымен, сонымен қатар «Нұр Отанның» партиялық жаңғыру аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстырды. Кездесу соңында партиялар арасында 2020 жылға дейін Өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Сергей Железняк, «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі Хатшысының орынбасары:

Біз барлық бастамаларды қолдаймыз. Бұл қолдау жастар жобаларын және халықтарымыздың игілігіне бағытталған басқа да іс-шараларды аймақтық, жергілікті партиялық ұйымдарымыз бірігіп жүзеге асыру арқылы екі партия арасындағы тығыз қарым-қатынастың аясын кеңейте түседі деп сенемін. Осындай партияаралық қарқынды жұмыс екі халық, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын бейнесін көрсетеді.