Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Еліміздегі мүгедектердің 50 пайызы санаторлық-курорттық емдеуден қағылған - депутат

AstanaTV
24.04.2018ж. 20:00
2787
Еліміздегі мүгедектердің 50 пайызы санаторлық-курорттық емдеуден қағылған - депутат

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың 50 пайызы санаторлық-курорттық емдеуден қағылған. Бұл туралы «Шипажай» форумында Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова айтты.  Оның сөзінше, тиісті қаржы бөлінгенімен, елімізде нақты оңалту курстары жоқ. Мүгедектер конференциясында келтірілген деректерге сүйенсек, жыл сайын  мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны артып келеді. Бүгінде кемтар адамдар жалпы халықтың 4 пайызын құрайды. Бұл шамамен 650 мыңдай адам. 

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Оңалту шаралары аса маңызды. Әсіресе ауыр отаны басынан өткерген сырқат жандардың денсаулығы үшін сауықтыру процесінің ролі орасан. Санаторий мен курорттарға барып ем-шара қабылдауға мұндай адамдар неғұрлым көбірек тартылу керек. Бүгінде бұл ауқымды проблемаға айналған.