Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда қоқыс жинаушы жүк көлігі ірі жол апатын жасады

AstanaTV
25.04.2018ж. 20:00
3036
Алматыда қоқыс жинаушы жүк көлігі ірі жол апатын жасады

Алматыда қоқыс жинаушы жүк көлігі ірі жол апатына себепкер болды. Салдарынан 4 жеңіл көлікке зақым келген. Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің ауласында болды. КамАЗ маркалі жүк көлігі қоқыс контейнерлерін тазалау үшін аулаға кірген. Ішкі істер департаменті ресми өкілінің мәліметінше, сол кезде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.  Жол жиегіндегі жеңіл көліктерді қағып, бір жағына аударылған. Абырой болғанда, адамдар аман. Жүк көлігінің қандай компанияға тиесілі екендігі, темір тұлпарлардың шығынын кімнің өтейтіні туралы мәлімет анықталу үстінде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын тіркеп, іс материалдарын Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына қарасты әкімшілік тәжірибе бөліміне өткізетін болады.