$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Коммунистер өндіріс орны жұмысшыларымен кездесті

AstanaTV
24.02.2016ж. 20:00
1402
Коммунистер өндіріс орны жұмысшыларымен кездесті

Коммунистердің республикалық сайлауалды штабының мүшелері үгіт-насихатпен Алматыға барды. Қазақстан Коммунистері халықтық партиясы мүшелері «Ақсай нан» серіктестігі жұмысшыларымен кездесті. Партияның алдына қойған міндеттерімен таныстырды.

Өздерінің қоғамдағы еңбек адамының мүддесін үнемі қорғайтындарын жеткізді. Кандидаттар партия атынан, кәсіпорын жұмысшыларына еліміздің дамуына қосып жатқан үлестері үшін алғыс айтып, жаңа белестерді бағындыру жолында күш біріктіруге шақырды.

Магеррам Магеррамов, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы:

Отандық өнімді дамытуға барлық жағдай жасалған. Жоғары өнімділік экономиканың тұрақты дамуына жол ашады. Бұл үшін Қазақстанда табиғи ресурстар да, адам ресурсы да жеткілікті. Шағын-орта бизнесті дамыту үшін, ауқымды бағдарламалар қолға алынған. Біздің партиямыз да одан сырт қалмайды. 

Ирина Смирнова, ҚКХП мүшесі:

Ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс пен ғаламдық өзгерістер - капиталистік қоғамның жемісі. Сондықтан біз өзіміздің ұлттық экономикамызды құруды жалғастыруымыз керек. Ол үшін еңбек өнімділігін арттыруға күш салу қажет. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің кепілі болмақ. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ