$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Ақ жол» партиясы белсенділері Жетісу өңірін аралап жүр

AstanaTV
24.02.2016ж. 20:00
1717
«Ақ жол» партиясы белсенділері Жетісу өңірін аралап жүр

Ақжолдықтардың Алматы облысына сапары жалғасуда. Бүгін партия белсенділері Жетісу өңіріндегі тағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, еңбеккер қауыммен кездесті. Сайлауалды тұғырнамаларын таныстырды.

Талдықорғандағы таңбалау бояуларын шығарушы зауытта 100-ге тарта жұмысшы бар. Өнімдерін Ресей мен Беларусь еліне экспорттайды. «Ақ жол» партиясының негізгі бағдарламасы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлермен де  кездесу болды. Партия отандық бизнесмендер үшін жылдық табысқа қойылар шектеуді азайтуға мүмкіндік беретін істі көтеріп отыр.

Нұрлан Жазылбеков, «Ақ жол» демократиялық партиясы республикалық сайлауалды штабы мүшесі:

Бұндай кәсіпорындардың Алматы облысында көбейгеніне біз өте риза болып отырмыз. Бұл кәсіпорынмен біз жақсы таныспыз. Себебі 1-2 жыл бұрын осында келіп, мына «Даму» қорымен қаржы жағынан көмек бергенбіз. Бүгін нәтижесін көріп отырмыз, қандай болғанын. Өте қуаныштымыз. Әрине, бірінші мақсат - біздің мынау партиямыздың платформасындағы кәсіпкерлерді қолдау.

Мейраш Шынасылова, «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы:

Ең басты мақсатымыз - еңбек ету. Еңбекпен еліміз де, жеріміз де көркейеді деп ойлаймыз. Біздің мемлекетімізге деген еңбегіміз, біздің партиямыздың әлі алда. Үлкен жетістікке жетеміз деп ойлаймыз.

Құралай ПИОНЕР