Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бес банк бюджет қаражатын 15 жылда қайтарады

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2109
Бес банк бюджет қаражатын 15 жылда қайтарады

Былтыр бюджеттен көмек қаражатын алған жекеменшік бес банк оны 15 жылда қайтарады. Ұлттық банк төрағасы осылай деді.  "Еуразиялық банк", "Цесна Банк", "Центркредит", "РБК" және "АТФ" банктері әлеуметтік маңызы бар ұйымдар деп танылып, былтыр 653 млрд теңге бөлінген. Бұл банктерді сауықтырау бағдарламасы аясында іске асты. Бес банктің қайтпаған кредит көлемі 1,2 трлн теңгеге жеткен. Шарт бойынша осы соманың жартысын акционерлер 5 жылда банкке актив ретінде қайта құйып, оны экономиканы қаржыладыруға жұмсауы керек.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

1 сәуірдегі жағдай бойынша, аталған банктер 865 млрд теңге несие беріп үлгерді. Оның ішінде шағын және орта бизнеске 315 млрд, корпоративті бизнеске 329 млрд, жеке тұлғаларға 222 млрд теңге.

Сондай-ақ, былтыр "Қазкомға" да көмек ретінде 2 трлн теңге бюджеттен бөлінген. Ақышев "Астана", "Қазақ" және "Эксим" банктерге де қара бұлт үйірілгенін айтты. Олардың несиелері қайтпай жатқан көрінеді. Ұлттық банк жағдайды бақылауға алған.