Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Байқоңыр бойынша Қазақстан мен Ресей арасында айтарлықтай проблема жоқ - Қ.Қожамжаров

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2139
Байқоңыр бойынша Қазақстан мен Ресей арасында айтарлықтай проблема жоқ - Қ.Қожамжаров

Байқоңыр бойынша Қазақстан мен Ресей арасында айтарлықтай проблема жоқ. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров осылай деді. Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинмен кездесуде тараптар «Байқоңыр» кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі келісімге қол қойды.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

Байқоңыр бойынша, өздеріңіз білесіздер, аталмыш қаланың ерекше статусы бар. Онда екі елдің де құқық қорғау органдары мен сот жүйесі қызмет етеді. Сондықтан жұмыс барысындағы сұрақтар бар болатын. Менің ойымша, осы кездесудің арқасында ол сауалдар толық шешімін тапты. Сондықтан бізде қазір аса бір айтатындай проблема жоқ.

Сондай-ақ қос тарап қылмыс жасаған азаматтарды өз елдеріне экстрадициялауда бар кедергіні жоймақ. Осы бағытта да бірқатар келісімдер жасалды. Соңғы 5 жылда Ресей тарапы 272 азаматты елге аударған. Одан бөлек Ресейде сотталған тағы 112 адам жазасын елде өтейтін болған. Ал қылмыстық іске қатысы бар 242 орыс азаматы Ресейге экстрадицияланды.