Негізгі / Жаңалықтар / Еңбек министрлігі құрылыс саласы мамандарының құқығын қорғау мақсатында «тікелей» бақылау енгізуді ұсынды

Еңбек министрлігі құрылыс саласы мамандарының құқығын қорғау мақсатында «тікелей» бақылау енгізуді ұсынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылыс саласының қызметкерлеріне қатысты қауіпсіздікті күшейту мақсатында «тікелей» бақылау орнатуды қолға алмақ. Бұл туралы бүгін «KIOSH 2018» халықаралық конференциясында вице-министр Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл алып құрылыс компаниялар ғана емес, қосалқы мердігер ұйымдарды да бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Себебі мамандар қайғылы оқиға көбіне осындай шағын мердігер компанияларда болып жататынын алға тартып отыр. Бірақ, олар шағын және орта бизнес өкілдері болғандықтан, жаппай тексеріс жүргізу тағы мүмкін емес. Десе де бұл өндірістегі қызметкерлердің қауіпсіздігін бақылайтындарға кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл жоспар Атырау облысындағы Қарабатан станциясындағы жатақханадағы өрттен 7 қызметкердің ажал құшуынан кейін қолға алынып отыр.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Жұмыс орындарында болып жатқан жарақат алу жайы жыл сайын азайып жатыр.15-20 пайызға азаюда. Бірақ сонымен қатар әрі қарай да жұмыс жүргізу керек. Қазір сандық технология жүріп жатыр. Оның жақсы бір жері компьютер арқылы травматизм болдымау үшін біраз бағдарлама жасауға болады.