Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркия, БАӘ, Қытай мен Еуропадан келген инвесторлар жаңартылатын энергия көздері бойынша алдағы аукционға қызығушылық білдіріп отыр

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2254
Түркия, БАӘ, Қытай мен Еуропадан келген инвесторлар  жаңартылатын энергия көздері бойынша алдағы аукционға қызығушылық білдіріп отыр

2025 жылға қарай тарифтік аукциондар есебінен «жасыл» электр қуатының үлесін 6% -ға дейін қалай жеткізуге болады? Бүгін Астанада «Жаңартылған Энергия көздерін аукциондық сауда тетігіне енгізу» тақырыбына арналған Hard Talk өтті. 23 мамырға белгіленген тарифтік онлайн аукционы қарсаңында осы саладағы тәжірибесі бар халықаралық серіктестердің қатысуымен кездесу өтті. Жиынға келген инвесторлар Жаңартылған энергия көздері секторына инвестиция тартуға кедергі болатын барлық тәуекелдер мен кедергілерді талқылады.

"Kazenergy"-дің мәліметіне сай, биыл 1000 МВт электр қуаты өндірілетін стансалар салынуы тиіс. Ол әртүрлі қуаттағы күн, жел. су және био электр стансалары болуы тиіс. Мамандардың айтутынша, қазірдің өзінде бұл жобаларға қызушылық танытқан шетелдік компаниялар бар. Олар Сауд Арабиясы, Түркия, Қытай және Еуропа елдерінің өкілдері

Еділ Көпенов, «КОРЭМ» АҚ төрағасы:

Біз бұл аукционға белді инвесторлар мен компаниялар қатысады деген үміттеміз. Аталмыш аукционның жүйесі - әр компания қаржылық кепілдік беру қажеттігіне құрылған. Сондықтан кез-келген компания бұл сатылымға қатыса алмайды. Тек әлем мойындаған алпауыт компаниялар болады