$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Бірлік» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімшелері қызу жұмыс істеп жатыр

AstanaTV
24.02.2016ж. 20:00
2819
«Бірлік» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімшелері қызу жұмыс істеп жатыр

«Бірлік» партиясының аймақтағы қоғамдық қабылдау бөлімшелері қызу жұмыс істеп жатыр. Партия белсенділері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Сайлаушылар көбіне аймақтың экологиялық ахуалына алаңдаулы. Себебі қоршаған ортаның ластануы - облыста өткір тұрған мәселе. Толассыз жүйткіген көліктер мен зауыттардан шыққан зиянды қалдықтар ауаны ластап, табиғатқа залал келтіруде. Бұл ретте партия мүшелері экологиялық қадағалау жүргізетін қоғамдық бақылау құруды ұсынады.

Еркінбек Досқожанов, «Бірлік» партиясы ШҚО қоғамдық қабылдау бөлімшесінің жетекшісі:  

Елбасының тапсырмасына сай биылдан бастап қоғамдық кеңестер құрылды. Олардың басты міндеті - жергілікті жерлерде экологиялық ахуалды қадағалап, мониторинг жүргізу. Бұл бастаманы «Бірлік» партиясы қолдайды.  

Нұржан Бақаев, «Бірлік» партиясының мүшесі:

Халық осы экологиялық мәселелерді біліп және партияның саясатын біліп, әсіресе бұл орман өрттері, осы орман өрттерін әдейілеп жасаған адамдарға партия атынан қандай әрекет жасайтынын, білгісі келеді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ