Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мектеп оқулықтарын латын қарпіне көшіру басталған жоқ

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2207
Мектеп оқулықтарын латын қарпіне көшіру басталған жоқ

Мектеп оқулықтарын латын әрпіне көшіру ісі әлі басталған жоқ. Бұл туралы «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбітгүл Кәрімова Алматыда өткен баспасөз жиынында айтты.

Бейбітгүл Кәрімова, «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры:

Латын әрпін енгізу жайын әлі қолға алған жоқпыз. Алғашқы конференцияны ертеңге жоспарлап отырмыз. Ол жерде цифровизация мәселесі, латынға көшу мәселесі, оқулықтар мен бағалауды жетілдіру жүйесінің мәселесі барлығы қарастырылады. Өзіміздің мамандар шетелдік ғалымдармен бірлесіп, осы мәселені қалай енгіземіз, бұл процесті қалай жүргіземіз деген сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

Бейбітгүл Кәрімованың айтуынша, келесі оқу жылына арналған 3, 6 және 8 сыныптардың жаңартылған мазмұндағы оқулықтары толықтай сүзгіден өткен. Арнайы 115 адамнан құрылған жұмыс тобы кітаптардың техникалық жағын тексеріп, терминдеріне көңіл бөліпті.