Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Дуалды оқыту жүйесі қамтылған оқу орындары 7 пайыз ғана

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2095
Дуалды оқыту жүйесі қамтылған оқу орындары 7 пайыз ғана

Қазақстандағы 800-ден астам колледждің 50 пайызының материалдық-техникалық базасы ескірген. Соның әсерінен талапқа сай маман әзірлей алмай отыр. Мұны бүгін мәжілісмен Бақытгүл Хаменова Шымкентте өткен жиында айтты. «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Партиялық куратор комиссиясының отырысына қатысқандар орта білім беру орындарындағы бірқатар өзекті мәселелерді алға тартты. Сөз алғандар оқытушылардың жалақысының төмендігі, жатақхана жеткіліксіздігі секілді бірқатар жайтқа тоқталды. Сондай-ақ, кадр дайындауда аймақтың сұранысын ескеру жайын да айтты. Өйткені бір мамандықтар тапшы болып жатса, кейбірі жұмыс таппайды. Тағы бір мәселе - дуалды оқыту жүйесі. Оны әлі де жүйелендіру керек, - деді комиссия мүшелері. Айтуларынша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының небәрі 7 пайызы ғана теория мен тәжірибені ұштастыра алады.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз не? Ол - бүгінгі студент, бүгінгі бала, ертеңгі күні оның жұмыс орны бар. Ол ертеңгі күні маман болып шығуға толық кепілдеме бар деген сөз. Сондықтан да дуалды оқыту жүйесі кәсіпорын, оқу орны және жергілікті әкімдік үш таған бірдей қызмет ету керек. Сонда ғана ол дуалды оқыту жүйесі өзінің жемісін береді.