Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

7-ші Республикалық Құран жарысының жеңімпазына көлік сыйға тартылды

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2359
7-ші Республикалық Құран жарысының жеңімпазына көлік сыйға тартылды

500-ден аса жас қарилар қатысқан Республикалық Құран жарысы аяғына жетті. Осымен 7-ші рет ұйымдастырылған шара жеңімпаздарын бас мүфти құттықтады. 3 айға созылған сайыс 4 номинация бойынша өткізілді. Яғни Құранды толық жатқа оқу, 20 парасын жатқа оқу, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу санаттары бойынша. Осы уақыттар аралығында іріктелген 70 қари Алматыдағы екі күндік ақтық сында бақтарын сынаған. Нәтижесінде бас жүлде, яғни жеңіл автокөлік, 22 жастағы маңғыстаулыққа бұйырса, қалған санаттар бойынша қариларға қаржылай сыйақы берілді.