$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Халық көп тұтынатын сүт және май өнімдері техникалық регламентке сай келмейді - ДСМ

AstanaTV
02.05.2018ж. 20:00
4936
Халық көп тұтынатын сүт және май өнімдері техникалық регламентке сай келмейді - ДСМ

"Сапасыз тауар өндіріп, оны сататын орындар мен дүкендердің аты жарнамалық билбордтарға салынып, «біз бұларға сенбейміз» деген ұран жазылсын". Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осындай ұсыныс айтты. Сауда орындары мыңдаған сомаға айыппұл арқаласа да, олқылықты жөндеуге асықпайтын көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ақпарынша, халық көптеп тұтынатын сүт және май өнімдері техникалық регламентке сай келмей жатады.  Осы санатта тексерілген 2 мыңға жуық өнімнің 29%-нан арнайы белгіде көрсетілмеген заттар табылған. Бұдан бөлек халық тұтынатын 42 мың тамақ өнімдерінің 10,3% пайызы талапқа сай келмеді. Жалпы алғанда, маркировка талаптарын бұзу 43%, қауіпсіздікке сай келмеуі 22% құрапты. 

Елжан Біртанов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі:

Сонымен, сауда желісінен алынып тасталған тауарлар, ол кондитерлік өнімдер 20 тонна, ет өнімдері 11,2 тонна, сүт өнімдері 2,5 тонна, консервлер мен жеміс-жидек өнімі 1,25 тонна және алкогольдік өнім 160 партия. 

Сондай-ақ қырғыз еліндегі 7 бірдей өндірушімен сапасыз тауар өндіргені үшін келісім уақытша тоқтап тұр. Премьер Сағынтаев бизнес өкілдері тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін сезінбесе, салынған айыппұл мөлшері нәтиже бермейтінін ескертті. 

Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Біздің тараптан кедергілерді жою мақсатында шаралар жасалғанымен, бірақ кей сауда орындары мен басқа да мекемелер сол стандартқа сай келмейтін өнімдерді сатып жатыр. Біз қанша жұмыс жүргізгенімен, бизнестің көзқарасы өзгермесе, онда осы қалпымызда қала береміз.