$477.62 €527.67 ₽5.25
×

Алматыда сот Сейітқазы Матаевты үй қамаққа алу туралы шешім шығарды

AstanaTV
24.02.2016ж. 20:00
1885
Алматыда сот Сейітқазы Матаевты үй қамаққа алу туралы шешім шығарды

Алматыдағы Медеу аудандық соты «бюджет қаражатын жымқырды», «аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды» деген күдікке іліккен Қазақстанның Журналистер одағының басшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа қатысты бұлтартпау шарасын қабылдады. Жемқорлық әрекеттері үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған танымал журналистті судья «2 айға үй қамаққа алу туралы» шешім шығарды. Прокуратура соттан күдіктіні үй қамаққа алуды сұраған болатын. Матаевтың қорғаушысы оны кепілдік арқылы босатуға өтініш білдірген еді.

Айта кетейік, Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Сейітқазы Матаевты бюджет қаражатын жымқырды және ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен 22 ақпанда ұстаған. Департаменттің хабарламасына сәйкес, мұндай дерек бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ол 2011-2015 жылдар аралығында бюджеттен 300 млн теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ