Павлодарлық «Нефтехим ЛТД» кәсіпорны қоршаған ортаға келтірген зардабы үшін айыппұл төлеуге міндетті. «Астана» арнасы тілшілеріне берген сұхбатында өңірдің экология департаменті өкілдері айыппұл көлемі 2 млн теңгеден асып жығылатынын жеткізді. Өндіріс ошағы басшылығы, төтенше жағдайды тиісті органдарға дер кезінде хабарламағаны үшін де, әкімшілік жауапқа тартылуда.
Жомарт Кәрімов, Павлодар
облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
Кәсіпорынға қоршаған ортаға
әкелген зардабы үшін, 2 млн 260 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы ұйғарым
жіберілді. Ауаға шығарылған зиянды заттардың мөлшері 24 тоннаны құраған. Бұлар
негізінен көміртек тотығы мен азот тотығы болып отыр.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ