$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда пәтер иелері кооперативіне берешегі бар 200-ден аса тұрғынның тізімі орталық базаға енді

AstanaTV
03.05.2018ж. 20:00
1953
Алматыда пәтер иелері кооперативіне берешегі бар 200-ден аса тұрғынның тізімі орталық базаға енді

Алматыда пәтер иелері кооперативіне қарыз 200-ден аса тұрғынның тізімі орталық базаға енді. Олардың берешегі шамамен 5 миллион теңге болады. Бұл тек бір ғана аудандағы мәлімет, - дейді «Бірінші кредиттік бюроның» кәсіпкерлікті дамыту бөлімі директоры Әсем Нұрғалиева. Өйткені пилоттық жобаның алғашқы сатысы тек Түрксіб ауданында ғана жүзеге асырылып жатыр. ПИК қызметіне селқос қарайтындардың уақытында берешекті өтемеуі кредиттік тарихына әсер етері сөзсіз, дейді ол.

Әсем Нұрғалиева, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің директоры:

Пилоттық жобаның бірінші кезеңі аяғына жетті. Қазір алғашқы айдың тізімі жиналды. Олардың саны 200-ден асып жығылады. Мамыр айының 10-нан кейін қаншасы қарызын жапқандығы, қаншасы әлі берешегін бермей жүргендігі белгілі болады. Сол кемшілік несие алуға барғаныңызда ескеріледі. Тіпті әсер ететіні сөзсіз. Яғни, несие тарихыңыз таза болса да, ПИК қызметіне қарызыңыз шығып тұрады. Банктер көрсетілген мәлімет бойынша рәсімдеу жайын өздері қарастырады.

Әсем Нұрғалиева, қарызын толық жапқан жағдайда ғана, несие тарихы автоматты түрде өшіріледі дейді. Бұл жобаны осы жазда барлық аудандарға енгізу жоспарланып отыр. Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 8 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй болса, олардың тең жартысы ескірген. Ал, ол баспаналарға 824 пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді.