Иранға қарсы санкция Таяу Шығыстағы шиеленісті одан сайын үдетеді. Саясаттанушылардың осындай пікірін Рейтерс агенттігі хабарлады. Олар санкциялар экономикалық және саяси тұрғыда да зардаптар әкеледі. Айта кетейік, АҚШ келер аптада Иранға қарсы қосымша санкциялар салуды жоспарлап отыр. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерстің айтутынша, Вашингтон Тегеранның ядролық қару қолданбайтынына көз жеткізуі тиіс. 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді. Еуропалық одақтас елдер Франция, Германия, Ұлыбританияны бұған көндіре алмады. Бірақ Трамптың пікіріне Израиль пермьері Биньямин Нетаньяху құлақ асып отыр. Жақында ол Тегеранның ядролық қару жасау жөніндегі құпия бағдарламасы бар екенін мәлімдеді. Бірақ оны дәлелдейтін ешбір айғақ ұсынбады.
Реза Мараши, АҚШ Иран-Америка ұлттық кеңесінің зерттеу жөніндегі директоры:
Бұл қадам АҚШ-тың
Еуодақпен ғана емес, Таяу Шығыспен қарым-қатынасын бұзады, деп ойлаймын. Бұл
аймақ қазірдің өзінде оқ-дәрі жәшігі іспетті. Иран мен АҚШ арасындағы үдеп бара
жатқан жағдай.