$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе қаласындағы ескі жеделсатыларды жөндеуге 2 миллиард теңге қажет

AstanaTV
10.05.2018ж. 20:00
2670
Ақтөбе қаласындағы ескі жеделсатыларды жөндеуге 2 миллиард теңге қажет

Ақтөбе қаласындағы ескі жеделсатыларды жөндеуге 2 миллиард теңге қажет. Бұл жөнінде облыстық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов айтты. Белгілісі - шаһардағы жеделсатылардың 149-ы жарамсыз, жөндеуді керек етеді. Ал 22-сін мүлдем ауыстыру қажет. Бір ай бойы қаладағы 300-ге жуық лифтіні тексеріп шыққан комиссияның нақты қорытындысы осындай. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстарымен тұрғындардың өздері айналысуы қажет. Яғни әкімдік лифтілерді ауыстыруға кезең-кезеңмен қаржы бөледі. Тұрғындар оны 7 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Мұндай келісім-шарт үй тұрғындарының 70 пайызы келісім бергенде ғана жүзеге асады екен. Қазір тұрғындардарға осыны түсіндіру жұмыстары басталыпты.

Дастан Аманов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

«Біздің есебіміз бойынша жеделсатыларды жөндеуге және жарамсыздарын ауыстыруға 2 миллиард теңге шамасында қаржы қажет. Биыл ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге бөлінді. Оған 6 жеделсаты жаңартылады. Алдағы уақытта Ақтөбе қаласының әкімдігі жаңарту жұмыстарына облыстық немесе республикалық бюджеттен қосымша қаражат сұрайтын болады».

Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі жеделсатыларды тексеру жұмыстары 4-ші сәуірде 28 жастағы тұрғын лифтіге қысылып қаза тапқаннан кейін басталған еді. Бұл қайғылы оқиға жеделсаты механизміндегі ақаудан болғаны анықталып отыр. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.