$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Мектеп асханалары 10 жылға дейінгі мерзімге жалға берлуі мүмкін - МЖӘ орталығы

AstanaTV
10.05.2018ж. 20:00
3386
Мектеп асханалары 10 жылға дейінгі мерзімге жалға берлуі мүмкін -   МЖӘ орталығы

Мектеп асханалары 10 жылға дейінгі мерзімге жеке кәсіпкерлерге жалға берілуі мүмкін. Бұған дейін оның мерзімі 1 жыл болатын. Сондай-ақ жекеменшік жеткізушілердің сервистік қызметке 3 жылға дейін кепілдік беруі міндеттеледі. Бұл жоба мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады. Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифинге мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы басшылары осындай ақпаратпен бөлісті. Сондай ақ денсаулық сақтау саласындағы 5 бірдей ірі жобаны қаржыландыруға кореядан инвесторлар тарту көзделген. 

Талғат Матаев,  "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Корей инвестициясын тарту үшін қандай жағдайлар бар, МЖӘ тетігін пайдаланып қалай денсаулық сақтау саласына осы инвестицияны тартсақ. Осы бағытта жұмыстарды жүргіздік, қазір Корея тарапы 5 жобаны қолдап отыр, тиісті жұмыс жасалып жатыр.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша студенттерді жатақханамен қамту жайы да сөз болды. 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салу бойынша мемлекеттік- жекеменшік серіктестік қағидасы негізінде шетелдік тәжірибені пайдалану жоспарда бар. Орталық басшыларының сөзінше, жаңа нысандар салудан бөлек, бұл мақсатқа бос тұрған ғимараттарды пайдаланған тиімді. Мәселен, банкте тұрған нысандар мен қолданыстан шығып қалған ғимараттар бар. Мамандар оларды жөндеп, құжаттарын реттеп, жатақханаға айналдыру қажет деп отыр.