Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменге 5 трамвай келді

AstanaTV
10.05.2018ж. 20:00
2484
Өскеменге 5 трамвай келді

Өскеменге 5 трамвай жеткізілді. Алматы трамвай паркінен 13 ескі неміс вагондарын «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 118 млн теңгеге сатып алған. Оларды Өскеменге жеткізу үшін тағы 60 млн теңгедей қаржы жұмсалыпты. Бұл туралы қала әкімінің жауапты хатшысы Әсем Қайратбек айтты. Ширек ғасыр қызмет еткен вагондар алдымен техникалық сынақтан өткізілмек. Рельс пен трамвай дөңгелектері сай көрінеді. Трамвай паркінің қызметкерлеріне 80 млн теңге жалақы қарызы төленген. Енді жүргізушілер вагондарды басқару курсынан өткізілмек.

Әсем Қайратбек, Өскемен қаласы әкімінің жауапты хатшысы:

Ізінше қалған 8 вагонды күтудеміз. Жолда алғашқы 5 вагон 4 күндей жүріп өтті. Себебі үлкен гаворитті жүк болып есептеледі, сондықтан әр вагонның салмағы 20 тоннадан асқандықтан арнайы тралдар сағатына 20 шақырым ғана жүріп келіп жетті.