"Нұр Отан" партиясы жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Бұдан бөлек партия мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі жол картасы бекітілді. Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары елдегі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Мәулен Әшімбаев мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында өзара іс-қимылды нығайтуға назар аударды.
Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Халыққа үнемі қол ұшын созып, түрлі әлеуметтік жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан қоғамдық ұйымдар мен институттарға қолдау көрсету - партиямыздың басым бағытының бірі. Сондықтан партия бірлесіп жұмыс істеуге қашан да дайын. Күшіміз бен әлеуетімізді біріктіру арқылы біз еліміздегі өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне жол ашамыз.
Кеңес мүшелері әлеуметтік-экономикалық салаға қытысты заңнамаларды жетілдіру және Парламент Мәжілісінің қарауындағы түрлі заң жобаларын талқылауды ұйымдастыру жұмыстарын да жоспарлап отыр. Партия қазірдің өзінде 20-дан астам әлеуметтік жобаны қолға алды. Ол инновация, білім жетілдіру бағытындағы бастамалар. Отырысқа елдегі белсенді үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Альбина Ержанова, "ENACTUS KAZAKHSTAN" ұлттық кеңесінің жетекшісі:
Соңғы 10 жылда біз нәтижелі жұмыс істедік. Ол 100-ден аса әлуметтік маңызы бар жобалар және студенттермен мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.