Ауыл халқына қарағанда қалалықтар етті көп жейді. Қала тұрғындары жылына 79 келі ет тұтынса, ауылдықтар 69 келі ет жейтін көрінеді. Мұны Ұлттық экономика министрлігінің былтырғы дерегіне сүйенген Ранкинг кз хабарлады. Әрбір қазақстандық жылына 73 келі мал өнімін тұтынады екен.
Басты етжегіштер Атырау облысында. Жан басына шаққанда 85 келіден келеді. Одан кейінгі орында Алматы тұр. Адам басына 83,5 келіден келеді. Үштікке Шығыс Қазақстан облысы еніп отыр. Орташа есеппен бір адам 82,6 келі тұтынған. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының тұрғындары басқа аймақтарға қарағанда етті аз жейтін көрінеді. Қазақстандықтар негізінен сиыр етін тұтынады. Әрбір қазақстандыққа шаққанда 24 келіден келеді. Одан кейінгі сұранысқа ие қой еті мен тартылған ет және жылқы еті.