Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорындағы цифрландыру жобаларын жоғары бағалады

AstanaTV
11.05.2018ж. 20:00
2549
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорындағы цифрландыру жобаларын жоғары бағалады

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорындағы цифрландыру жобаларын жоғары бағалады. Бүгін Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен кездесу өткізіліп, цифрландырудың орындалу барысы талқыланды. Қазір қордың 50-ден астам жобасын іске қосуға дайын. Қордың Басқарма төрағасы әрбір жобаның экономикалық тиімділікке ие болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Есімов өндіріс кезінде тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін сапаны жақсарту керектігін айтты. Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, «Самұрық-Қазына» қорының цифрландыруда көшбасшы болу үшін барлық мүмкіндікке ие екенін, атап өтті.

Асқар Жұмағалиев,  ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Әріптестерімнің үлкен жұмыс атқарып отырғанын көріп отырмын. Цифрландырудағы жұмыстарды осы қарқынмен жүргізуді сұраймын. Барлық бағдарламалар мен жобалар "Цифрлы Қазақстанға" еніп отыр. Одан әрі тығыз байланыста жұмыс жасайтын боламыз.