Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Банкротқа ұшыраған «Дельта банк» салымшыларына қаражаттары қайтарыла бастайды

AstanaTV
15.05.2018ж. 20:00
3398
Банкротқа ұшыраған «Дельта банк» салымшыларына қаражаттары қайтарыла бастайды

Банкрот деп танылған «Delta Bank» клиенттеріне 17 мамырдан бастап депозиттегі қаражаттары қайтарыла бастайды. Екі күннен соң салымшылар «Банкцентркредит» бөлімшелеріне келіп, құжаттар толтыра алады. Төлемдер өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жасалады. Бұл туралы Депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері мәлімдеді. Қор есебінен 2 мыңнан астам адам қаражатын алады. Оның жалпы сомасы 141 млн теңге.

Айта кетейік, «Delta Bank» былтыр күзде банкрот деп танылып, лицензиясы кері қайтарылған болатын. Қаржы институтын тарату туралы экономикалық соттың шешімі 25 сәуірде күшіне енді. Ликвидациялық комиссия ары қарай банктің жеке мүліктерін түгендеп, толықтай тарату процедураларын жүргізеді.

Ерлан Сәрсенбекұлы, «Delta Bank» АҚ тарату комиссиясының төрағасы:

Төлемдерді алуға жеке тұлғалармен бірге кәсіпкерлер, фермерлік шаруашылық иелері және өзге де банкте қаржысы бар тұлғалардың мүмкіндігі бар. Кепілдендірілген қаражат иелеріне депозиті барлар, төлем картасы мен ағымдағы есеп-шоты бар азаматтар кіреді. Олардың теңгедегі қаражаты 10 млн, ал шетел валютасындағы қаражаты 5 млн теңге көлемінде болса, жинақтарын толықтай алады.