$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ипотекалық несиені үш пайызбен қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуы мүмкін

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
1297
Ипотекалық несиені үш пайызбен қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуы мүмкін

Ипотекалық несиені үш пайызбен қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы Олег Смоляков мәлімдеді.

Бағдарламаға аз қамтылғандар және несиені АҚШ валютасымен алғандар ілігеді. Былтыр осындай азаматтардың қарызын қайта қаржыландыру үшін, 130 млрд теңге бөлінген. Бүгінге дейін 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының міндетін уақытша атқарушы:

Бағдарлама мерзімі бірінші тоқсанда аяқталады. Банктер көптеген қарыз алушыларды қамту үшін, мерзімін ұзарту жағын қарастырып жатырмыз. Ол тек белгілі бір санаттағы адамдарға қатысты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ