Қаржы министрлігі Салық және Кедендік кодекстерді біріктіру жұмысына кірісіп кетті. Бұл туралы Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді. Яғни салық жүйесі
реформаланып, кедендік әкімшілендіруді жетілдіріліп, талаптары Мемлекеттік
кірістер кодексіне енгізіледі. Осылай бизнес процестердің 30 пайызын біржола
алып тастап, 50 пайызын оңтайландыруға болады. Бұл шетелдік инвесторларға
кәсібін жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаудың амалы.
Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
Қазір көмірсутек шиказатының
және қатты пайдалы қазбалардың, оның ішінде уран да бар, салық салу жүйесін
қалай саралау керектігін қарап жатырмыз. Мүмкін, қатты пайдалы қазбалардың
үстеме табысына салынатын салықты алып тастаймыз. Ол салықтық жүктеме пайдалы
қазбалардың өзге түрлерінің салығына ауысуы мүмкін.
Айгүл ӘДЕПБАЙ