$511.22 €540.05 ₽4.73
×

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен төл мәдениетті дамыту жайы талқыланды

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
1945
«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен төл мәдениетті дамыту жайы талқыланды

«Ауыл» партиясы тарихи-мәдени мұраларды жаңғыртуға ден қойды. Елорданың зиялы қауым өкілдерін, жастар мен шығармашыл топ мүшелерін жинаған саяси ұйым дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қазақ халқының рухани мәдениетін сақтап, дамытудың жолдарын талқылады. «Ауыл» партиясының бағдарламасында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген.

Партия белсенділері өскелең ұрпақты дәстүрлі құндылықтар негізінде тәрбиелеу мемлекет дамуының кепілі деп санайды. Төл мәдениеттің дамуына Үкімет айтарлықтай жағдай жасап, қыруар қаржы бөлініп келеді. Алайда, қоғамның да ұлттық  жауһарларымызды сақтау мен өркендетуге атсалысқаны абзал,- деген ойда партия өкілдері.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

Халықаралық стандарт деген бәрі жақсы. Біз өндірісте соған талпынуымыз керек. Жоғарғы деңгейде қызмет жасауымыз керек. Бізге елге қажетті шығарылатын тауарлардың бәрі, қызметтің бәрі жоғары деңгейде болу керек. Бірақ өндірістің алдында да бірінші осы руханият мәселесін көтерсек деген алдымызға мақсат қойдық.

Марат Мәжитов, жазушы:

Тек қана Сырдың бойында 35-40 қала барын дүниеге паш етіп жатырмыз. Бір Сауранның өзін біз, міне, 50-60 жыл бойына зерттеп келе жатырмыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ