$492.22 €529.38 ₽5.03
×

Коммунистер өнер мұражайының ұжымымен кездесті

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
1851
Коммунистер өнер мұражайының ұжымымен кездесті

Қазақстан коммунистік халықтық партиясының штаб мүшелері Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының ұжымымен кездесті. Онда коммунистердің сайлауалды тұғырнамасы кеңінен талқыланып, социалистік реализм ағынының экспозициясы төңірегінде әңгіме қозғалды. «Еңбек пен отбасы» қағидатын берік ұстанған өнердің бұл бағыты коммунистер идеясына жақын. Қастеев мұражайында бүгінде «кеңестік еңбек» тақырыбында 70-ке жуық картина бар. Қонақтар Гүлфайруз Исмайлова, Қанапия Телжанов сынды белгілі қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалап, мұражайға экскурсия жасап шықты.

Магеррам Магеррамов, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысы:

Бұл картиналар - терең мән-мағынасы бар, ерекше бағалы дүниелер. Дәл осындай өнер туындысы арқылы батыстың арзан, адами құндылықты бағаламайтын, мәдениетке кереғар ұғымына қарсы тұруға болады. Коммунистер рухани байлыққа, мемлекеттік құрылымның маңыздылығына әрдайым мән беріп келеді.

Владислав Косарев, ҚКХП Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі:

Қазір қаржы, капитал дегендер бірінші орынға шықты. Бұл дұрыс емес. Бірінші орында табиғи ресурстар, адам еңбегі, содан кейін ғана капитал тұруы керек. Осыны ескергеніміз жөн. Біз сайлаушыларды еңбек етуге, сол арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырамыз.

Құралай ПИОНЕР