$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды

AstanaTV
23.05.2018ж. 20:00
3068
Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте шетінеп кетті. Полицейлер сәбиін тастап кеткен қатігез ананы іздестіріп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты ҚК-тің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Көпқабатты үйдің тұрғыны қоқыс жәшігінде жаңа туған шарананы байқап қалған. Ол дереу полицияға хабар береді. Ауыр халде жатқан сәбиді жедел жәрдем қызметі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Әбден тоңып қалған шақалақ тәулік бойы жасанды тыныс алу аппаратына қосылады.