$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Жамбыл облысына барды

AstanaTV
25.02.2016ж. 20:00
1946
«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Жамбыл облысына барды

Мәдени құндылықтарды қаз-қалпында сақтап, келер ұрпаққа аманат ету. Осындай қағиданы ұстанған «Бірлік» партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы сапарын «Айша бибі» кесенесінен бастады. Ықылым заманнан бері сақталып келе жатқан сәулет өнері туындысын аралады. Сондай-ақ жалпы аумағы 9 жарым гектарды алып жатқан «Көне Тараз» мұражайымен танысты. Сәулеті келіскен нысандарды сақтаудың келешек ұрпақ үшін маңызды екенін айта келе, өлкеде туризмді дамытуға қажетті инфрақұрылым жасалғанын атап өтті. 

Шакизада Ыбырайымов, «Бірлік» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары: 

Біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында мәдени-тарихи ошақтарды көбейту, олардың жағдайын жақсарту және туристік маршруттарды көбейту мәселелері қаралған. Жастарды ұлттық тәрбиеде тәрбиелеу - ол біздің сол бағдарламада қаралған басты баптардың біреуі болады.

Аяулым Қырғызбаева, «Бірлік» партиясы мүшесі:

Партияның сайлауалды бағдарламасында жастардың, яғни біздің рухани тәрбиені санамызға сіңіруге, бір-бірімізге деген сеніммен, құрметпен қарауымызға мән берілген.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА